Эгей теңізінде 4 сириялық заңсыз эмигрант ұсталды

Грек теңіз күштері эмигранттардың үшеуін түрік теңіз күштеріне өткізді

96430
Эгей теңізінде 4 сириялық заңсыз эмигрант ұсталды

Грекия Теңіз қорғаныс күштері жасақтары ұсталған сириялық 4 эмигранттан үшеуін түрік лауазымдыларға өткізді.
Муғла губернаторлығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Мүселлим жолы Кадырга мүйісінің оңтүстігінде кіші қайықта эмигранттар бар екені хабарланған соң Теңіз қорғаныс күштері жасақтары 2 қауіпсіздік қайығын аймаққа жіберді.
Түрік су айдынында Грекияға тиесілі бір теңіз қорғаныс қайығындағы сириялық 4 эмигрант түрік қайықтары жақындаған кезде грек қызметкерлермен айқасып, өздерін теңізге лақтырды.
Эмигранттардың бірін судан шығарып қайықтарына алған грек жасақтары аймақтан кетті, 3 эмигрант болса түрік теңіз күштері тарапынан тергеуге алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар