Түркия Орта Азия мен Африкада көшбасшы болады

Түркия орманшылық саласында 10 миллион доллар жәрдем береді

83332
Түркия Орта Азия мен Африкада көшбасшы болады

Орман мен Су істері министрі Вейсел Эроғлу Біріккен Ұлттар азық-түрік мен егіншілік ұйымы ФАО-мен Анкарада әріптестік келісім шартына қол қойды.
Әріптестік келісім шарты бойынша Түркия көптеген мемлекетке орманшылық, эрозияны бақылауға алу, шөлденудің алдын алу үшін 10 миллион доллар қаржы беретін болады.
Түркия осы келісім шарт арқылы Орта Азия мен Африкада көшбасшы рөлін атқаратын болады.
Бұл келісім шарттың Түркияның орманшылық саласындағы жұмыстарын әлемге танытуда маңызды рөл ойнайтынын айтқан Вейсел Эроғлу Түркияның бұдан былай жәрдем алған емес, жәрдем беретін мемлекет болғанын білдірді.
Эроғлу «Түркі республикалары, Солтүстік Африка мен Таяу шығыс елдерімен орманшылық саласындағы ынтымақтастығымыз одан әрі дамитын болады. Түркия орманшылық саласындағы тәжірибелерін бауырлас және көрші елдермен бөлісетін болады»- деді.
Біріккен Ұлттар азық-түлік пен егіншілік ұйымының бас директоры Сильва болса «ФАО орманшылық саласында Түркияның лидерлігін мойындап отыр. Осы жобалар бойынша мақсатымыз бірдей. Түркия шөлдену мәселесінде көптеген жұмыстар атқарды. Министр мырзаға ФАО ұйымы да қолдау көрсетуге әзір»-деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар