Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов Анкарада

Қонақ президентті Чанкая сарайында президент Абдуллах Гүл қарсы алды

81520
Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов Анкарада

Түрік кеңесінің 4-ші саммиті үшін Түркияға келген Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовты президент Абдуллах Гүл Чанкая сарайында күтті.
Президент Гүл қонақ президентпен өткен кездесуінің артынан жасаған мәлімдемесінде «Ынтымақтастығымызды әр салада одан да дамыту жөнінде көзқарастарымызды ортаға қойдық» деді.
Бердімұхамедовпен жеке және делегация аралық кездесулерде өзара ынтымақтастықты бастан аяқ бағаландырып шыққандарын атап айтқан Гүл «Түрікменстанмен керемет жалғасқан ынтымақтастығымыздың ең маңыздылары экономикалық және сауда салаларында жүзеге асады» деді.
Бердімұхамедов премьер-министр Режеп Таип Ердоған тарапынан берілген түскі қонақ асқа қатысты.
Бердімұхамедов түскі қонақасының артынан Түрік-Түрікмен іскер форумына қатысады. ТОББ Университеті Бердімұхаммедовқа құрметті доктор атағын табыс етеді.
Бердімұхамедов Анкарадағы байланыстарының артынан қайтадан Чанкая сарайына өтіп, Абдуллах Гүлдің кешкі қонақасына қатысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар