Түркияның 14 орталығында жергілікті сайлау қайта өткізіледі

Сайлауда 203 мың сайлаушы сандыққа барады

78943
Түркияның 14 орталығында жергілікті сайлау қайта өткізіледі

2 қала, 7 аудан және 5 аумақта шамамен 203 мың сайлаушы қайтадан дауыс береді.
30 наурызда өткен жергілікті сайлауда наразылықтар себепті кейбір жерлердің сайлаулары кейінге қалдырылған болатын.
14 сайлау орталығында бүгін сайлау қайталанады.
Дауыс беру кезеңі Ағры қаласында 07.00-де, Яловада болса 08.00-де басталды.
Ағры орталығы мен Токат қаласының Йешилйурт ауданында сайлаушылар Қалалық Мәжілістің депутаттарын сайлау үшін де дауыс береді.
Ағры қаласының орталығында 79 мың 498 сайлаушы 310 сандықта, Ялова қаласының орталығында болса 75 мың 813 сайлаушы 245 сандықта дауыс беруде.
Айдын Бухаркент, Байбурт Айдынтепе, Битлис Гүроймак, Чанкыры Шабанөзү, Эскишехир Махмудийе, Кастамону Чаталзейтин, Токат Йешилйурт және Ниғде Бағламада барлығы 40 мың 78 сайлаушы 162 сандықта дауыс қолданады.
4 ауданда қайта сайлау өтіп жатқанда, Афионкарахисарда жағдай өзгеше.
Афионкахисарға қарасты Эмирдағдың Гөмү ауданында сайлаушы, аралық сайлау үшін сандыққа барады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар