Бішкекте жаңа ту ілінді

Рәсімде алдымен Қырғызстан ұлттық ән ұраны шырқалып, артынан әскерлер алып туды желбіретті.

2085758
Бішкекте жаңа ту ілінді

Қырғызстанда өзгертілген ел туы Бішкекте желбіретілді.

Жаңа туды ілу рәсіміне Мәжіліс төрағасы Нұрланбек Шакиев пен Министрлер кабинеті басшысы Ақылбек Жапаров та қатысты. Алатау алаңындағы рәсімге Мемлекеттік хатшы Касмамбетов, Төтенше жағдайлар министрі Ажикеев, Бас штаб басшысы Мұқамбетов, Бішкек мэрі Жунусалиев те келді.

Рәсімде алдымен Қырғызстан ұлттық ән ұраны шырқалып, артынан әскерлер алып туды желбіретті.

Мәжіліс төрағасы Шакиев және депутат Примов тарапынан дайындалған «Қырғыз Республикасы Мемлекеттік символдар жөніндегі заңға өзгеріс енгізу туралы заң» жобасын 22 желтоқсан күні президент Садыр Жапаров бекіткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар