Қарайым және татар халықтарының көрмесі ашылды

“Литвадағы татарлар мен қарайымдар” атты көрме Түркі Академиясында ашылды.

2139520
Қарайым және татар халықтарының көрмесі ашылды

Қазақстанның бас қаласы Астанада орналасқан Түркі Академиясының Мұражайында Литва Республикасында тұратын қарайым және татар халықтарының мәдениеті мен өмір салтына арналған көрме ұйымдастырылды.

“Литвадағы татарлар мен қарайымдар” атты көрменің ашылуына Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Литваның Қазақстандағы елшісі Эгидиюс Навикас, Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының директоры Алмагүл Исина, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мирас Қосыбаев, Назарбаев университетінің профессоры Мейрамгүл Құсайынова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Марлен Әділов, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының профессоры Аслан Әлімбаев және өзге де дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Академия президенті Шаһин Мұстафаев түркі және литва халықтарының көп ғасырлық қарым-қатынасы Еуропа тарихының маңызды бөлшегі болып табылатынын атап өтті. «Бүгінде Литвадағы татар және қарайым түрік этникалық топтары Литва қоғамының ажырамас бөлігі болып саналады,- деді Мұстафаев.

Көрмеге жиылған қатысушылар татар және қарайым ұлттық тағамынан дәм татып, олардың ұлттық өнерін тамашалады.



Ұқсас жаңалықтар