Қазақстан боксерлері 4 алтын медаль алды

Қазақстан Өзбекстанда өткен 2023 Әлем Бокс чемпионатында төрт алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

1986790
Қазақстан боксерлері 4 алтын медаль алды

Қазақстан Ташкентте ұйымдастырылған 2023 Әлем Бокс чемпионатында төрт алтын медаль алды.

Қазақстан құрамасы командалар тізімінде екінші орынды иеледі.

Қазақстан Өзбекстанда өткен 2023 Әлем Бокс чемпионатында төрт алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Елге алғашқы медальді грузин боксер Сахил Алахвердовиді 5:0 есебімен жеңген Санжар Ташкенбай әкелді.
54 келіде өнер көрсеткен қазақ боксер Махмұд Сабырхан финалда өзбек боксер Ойбек Жураевті жеңді.

71 келіде Асламбек Шымбергенов, 80 келіде жартылай ауыр салмақтағы боксер Нұрбек Оралбай топ жарып, бірінші болды.
67 келіде боксер Дулат Бекбауов екінші орынды иеледі.
Осылайша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Боксерлердің жеңісінен кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды құттықтады.
Тоқаев Twitter парақшасында: «Санжар Тәшкенбайды, Махмұд Сабырханды, Асланбек Шымбергеновты және Нұрбек Оралбайды жеңіске деген жігерлері үшін құттықтаймын. Төрт әлем чемпионын қазақтар жеңіп алды» деді.
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде әлем чемпионаттарына 1993 жылдан бері қатысып келеді.



Ұқсас жаңалықтар