ТМД Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтті

Келесі отырысты 12 қазанда Қырғызстан астанасы Бішкекте өткізу туралы шешім қабылданды.

1975126
ТМД Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтті
bdt semerkant.jpg
bdt semerkant1.jpg

Өзбекстанның тарихи Самарқанд қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтті.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян, Беларусь Сыртқы істер министрі Сергей Алейник, Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов, Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Гаджиев және ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев қатысты.

Баспасөзге жабық өткен отырыста министрлер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ТМД Сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысын 12 қазанда Қырғызстан астанасы Бішкекте өткізу туралы шешім қабылдады.

Министрлер Беларусь астанасы Минск қаласын 2023 жылы ТМД спорт астанасы деп жариялауды, ал бұл мәртебені Арменияның Гюмри қаласына 2024 жылы беруді шешті.

Министрлер ТМД елдерінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында әр 4 жыл сайын спорттық ойындар ұйымдастыру туралы шешім қабылдаса, Өзбекстан астанасы Ташкентті ТМД-ның жастар астанасы және тарихи Самарқандты 2024 жылғы мәдени астанасы етіп жариялауға келісті.

ТМД Сыртқы істер министрлерінің отырысында қол қойылған құжаттар 8 маусымда Ресейдің Сочи қаласында өтетін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында бекітілгеннен кейін күшіне енеді.



Ұқсас жаңалықтар