Шыңжаңда жер сілкінісі
Эпицентрі - Ақсу провинциясының Шаяр ауданы.
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағында магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды.
Қытай жер сілкінісі желілері орталығының мәлімдемесіне сәйкес, таңертең магнитудасы 6,1 деп тіркелген жер сілкінісі болды. Эпицентрі - аймақтың солтүстігіндегі Ақсу провинциясының Шаяр ауданы.
50 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісі салдарынан адам шығыны немесе материалдық шығын туралы әзірге хабарланбады.
Жер асты байлығы мол өңірде электр желілеріне, мұнай және табиғи газ өндіру және мұнай-химия нысандарына ешқандай зақым келмегені хабарланды.
Америка Құрама Штаттарының Геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 5,7 деп хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Қарайым және татар халықтарының көрмесі ашылды
“Литвадағы татарлар мен қарайымдар” атты көрме Түркі Академиясында ашылды.
Қазақстанға келген шетелдік туристердің саны артты
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеме жасады.