"Армениямен бейбіт келісімге қол қою керек"

Әлиев Польшаның Сыртқы істер министрі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Збигнев Рауды қабылдады.

1805181
"Армениямен бейбіт келісімге қол қою керек"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армениямен тез арада бейбіт келісімге қол қою керектігін айтты.

Әлиев Оңтүстік Кавказ сапары аясында Әзербайжанға барған Польшаның Сыртқы істер министрі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы Збигнев Рауды қабылдады.

Армениямен қалыпқа келу үдерісіне тоқталған Әлиев Еуропалық Кеңес төрағасы Чарльз Мишельдің бастамасымен Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен жаңа кездесу өткізетінін мәлімдеді.

Әлиев "Бұл кездесу нәтижелі болады деп үміттенемін. Біз бұған дейін де бірнеше кездесулер өткіздік және  бейбітшілікке бет алуымыз керек, Армениямен тез арада бейбіт келісімге қол қоюымыз қажет. Бұл үшін Әзербайжан өзінің негізгі принциптерін ұсынды" деді.

Қарабах мәселесінің біткенін, енді Әзербайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің уақыты келгенін айтқан Әлиев "Біз Армения билігінен кейбір хабарлама алып жатырмыз. Маған жақында хабарланған ақпарат бойынша, олар біздің ұсынысымызды тиімді деп санайды. Бұл өте жақсы жаңалық және Брюссельдегі кездесуде бұл мәселе нақтыланады деп үміттенемін" деді.

Арменияға бейбітшілік үшін ұсынған 5 қағиданың халықаралық құқық нормалары мен жақсы халықаралық қимылды көрсететінін атап көрсеткен Әлиев "Біз жаңа ештеңе ойлап тапқан жоқпыз. Бұл принциптердің барлығы кез келген елдер арасындағы мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары болып табылады. Менің ойымша, аумақтық тұтастық пен халықаралық шекаралардың мызғымастығын өзара тану, содан кейін шекараларды демаркациялау негізінде бейбітшілік орнайды деп ойлаймын. Әрине бұл мәселелердің барлығын шешу қажет” деді.



Ұқсас жаңалықтар