Ердоған Ильхам Әлиевпен кездесті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевт кеше астана Анкараға келді.

1793601
Ердоған Ильхам Әлиевпен кездесті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев кеше астана Анкараға келді.  

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Президенттік сарайда түскі аста бас қосты.

Екі ел лидері кездесуде Ресей-Украинадағы соңғы оқиғаларды, аймақтық мәселелерді және екі жақты қарым-қатынастарды қолға алды. 

Президенттік Коммуникация басқармасы Әлиевтің кеше астана Анкараға жасаған іс сапарына байланысты мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеге қарағанда Ердоған мен Әлиев кездесу барысында Ресей-Украина соғысындағы соңғы жағдай, аймақтық мәселер және Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастарын талқылады. 

Екі лидер кездесуде бауырластық пен достық негізінде дамыған Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастарын барлық салада жоғарғы деңгейге көтеру тақырыбында табанды екендерін білдірді. 

Кездесуде Зангезур коридоры және Түркия-Нахчыван табиғи газ құбыр желісі жобасы жайлы пікір алмастырылды.

 



Ұқсас жаңалықтар