Эвакуация үшін Алматыға арнайы ұшақ жіберіледі
THY ұшағы қажетті рұқсатты алғаннан кейін бүгін түнде Стамбулдан Алматыға ұшады.
Түрік Әуе жолдары THY Қазақстандағы жағдайға байланысты Алматы қаласында қалған түрік авиакомпаниясының және басқа да авиакомпаниялардың қызметкерлерінің елге жеткізілуі үшін арнайы рейс игереді.
Алынған мәліметке қарағанда, "TK 6902" нөмірлі THY ұшағы қажетті рұқсатты алғаннан кейін бүгін түнде Стамбулдан Алматыға ұшады. Артынан шамамен 75 кісінің Түркияға жеткізілуі жоспарланып отыр. Ұшақ ертең Түркия уақытымен сағат 13.45-те Стамбулда болады деп айтылды.
Қызметіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласында қалған 6 экипаж мүшесі үшін арнайы эвакуация мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл үшін THY басшысы Илкер Айджы арнайы нұсқау берген.
Түрік авиакомпаниясы Қазақстандағы жағдайға байланысты рейстерді 9 қаңтар күніне дейін тоқтатқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.