Әзербайжан армиясы Лачынға кірді

Армения армиясы 20 қараша күні Агдамнан, 25 қараша күні де Келбежерден кеткен болатын.

1537225
Әзербайжан армиясы Лачынға кірді

Әзербайжан армиясы 28 жылдық армян оккупациясынан азат етілген Лачынға кірді.

Әзербайжан мен Армения арасында Ресейдің бітімгерлігінде қараша айында қол қойылған келісімге сай бұрын Келбежер мен Агдамды босатқан армяндар кеше Лачыннан кетті.

Әзербайжан армиясының 27 қыркүйек күні басталған операциясында бес қала орталығы,  төрт аудан және 286 ауыл азат етілді. Армения жеңілгенін мойындады,  басқыншылық астындағы Агдам, Лачын және Келбежер қалаларын беретінін білдірді.

Армения армиясы 20 қараша күні Агдамнан, 25 қараша күні де Келбежерден кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар