Түрікменстан мен Иран арасында 13 келісімге қол қойылды

Иран басшысы Рухани Ашғабадта болды.

939875
Түрікменстан мен Иран арасында 13 келісімге қол қойылды

Түрікменстан мен Иран арасында 13 келісімге қол қойылды.

Иран мен Түрікменстан арасында экономика,  мәденит, білім беру салаларында серіктестікті көздеген 13 келісім-шартқа қол қойылды.

Иран президенттік аппаратының хабарламасына қарағанда,  Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың шақыруына орай Ашғабадқа барған Иран басшысы Хасан Рухани Рухиет сарайында қарсы алынды.

Бердімұхаммедов пен Рухани оңаша кездесті.  Өңірлік және халықаралық тақырыптарда көзқарас алмасқан екі басшы артынан делегациялар кездесуіне басшылық жасады.

Кездесулерде энергетика және транзит тасымал секілді салаларда екі елдің қатынастарын жетілдіру керектігін тілге тиек еткен Рухани: «Ираннан Түрікменстанға бағытталған үшінші электр қуаты желісінің қызметке берілуі,  Каспий теңізіндегі мұнай және табиғи газ тақырыбында жаңа ынтымақтастық және тасымалдың дамытылуы мақсатында қамдалған жеңілдіктер екі ел арасындағы экономикалық қатынастарда жаңа қадам болады» деді.

Түрікменстан президенті Бердімұхаммедов та екі елдің Каспий теңізіндегі серіктестігіне риза екенін айтып: «Иран мен Түрікменстаннің Каспий теңізі және жағалауындағы серіктестігі жоғары деңгейге жетуі керек» деді.

Делегациялар кездесуінен кейін екі жақты серіктестіктерді арттыру мақсатында 13 келісімге қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар