Болгария түріктері 32 жыл бұрынғы трагедияны еске алды

1984 жылы Болгария Коммунистік партиясының қысымдарынан жәбір-жапа шеккендер еске алынды.

637951
Болгария түріктері 32 жыл бұрынғы трагедияны еске алды

1984 жылы коммунист режимнің мұсылмандар мен түріктерді дін, тіл, салт-дәстүр және тіршіліктерінен мақұрым қалдыруды мақсат еткен ассимиляцияға қарсы Болгарияда түріктерінің күресі еске алынды.

Млечино ауылы мешітінде оқылған Мәуліттің артынан басталған еске алу рәсімінде көк аспанға бейбітшіліктің символы болған көгершіндер ұшырылды. Артынан Боровица және Млечино ауылдарының оқушылары 24 желтоқсан оқиғаларына арналған өлеңдерді оқыды.

Саяси болмысы қазіргі таңда оппозициядағы Болгария Социалистік партиясы жалғастырған бұрынғы Коммунистік партия кезеңінде Млечиноға жақын Горно мен Долно ауылдарынан бастап, Прохово (Тосчалы және Аматлар), Башево (Халлар) және Чернигово (Карамусоллар) ауылдарынан қатысқан 3 мыңға таяу адам 1984 жылы бас қосып, қысымшыл режимге қарсы шеру ұйымдастырған болатын.

Аймаққа барған полиция күштері халықты соққыға жығып таратқан соң наразылық шерулерін ұйымдастырушылар Белене лагеріне айдалған болатын.

Ассимиляция акциясы жарты миллионға жуық адамның Түркияға көшімен аяқталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар