ИЫҰ Ташкентте ФЕТӨ-ні террор ұйымы ретінде жариялады

Ислам Ынтымақтастық Ұйымының 43-ші Сыртқы істер министрлері жиналысы Ташкентте өтуде.

592711
ИЫҰ Ташкентте ФЕТӨ-ні террор ұйымы ретінде жариялады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Фетуллахшы террор ұйымының Ислам ынтымақтастық ұйымы тарапынан террор ұйымы ретінде жарияланғанын білдірді.

Өзбекстанда өткен Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері Кеңес жиналысы аясында Ташкентте оңаша кездесулер өткізген Чавушоғлу твиттер арқылы жасаған мәлімдемеде Түркияның мәселесін түсініп ынтымақтастығын ортаға қойған және Фетуллахшы террор ұйымын (ФЕТӨ) террор ұйымы ретінде жариялаған Ислам ынтымақтастық ұйымына алғысын білдірді.

Чавушоғлу мәлімдемесінде «Ташкенттегі 2 күндік бастамаларымыз нәтижесінде Ислам ынтымақтастық ұйымының "ФЕТӨ"-ні террор ұйымы деп жариялауы маңызды бір қадам болды» деді.

Мевлүт Чавушоғлу Ташкенттегі кешегі жиналыста айтқан сөзінде Фетуллахшы террор ұйымының (ФЕТӨ) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Түркияға берген қолдаулары үшін алғысын білдірген болатын.

Чавушоғлу «Бұл бастама «ФЕТӨ» деп аталатын Фетуллахшы террор ұйымы тарапынан жасалды. ФЕТӨ әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс істеген бір террорлық желі. Әсіресе ислам елдерінде кең тараған. Бұлар өздерінің заңсыз жұмыстарын қаржыландыру үшін іскер әлеміндегі байланыстарын, білім ордаларын және баспасөз құралдарын пайдалануда» деп түсіндірген еді.

Ислам ынтымақтастық ұйымы 43-ші Сыртқы істер министрлері кеңес жиналысына Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна қоса, ұйымның сыртқы істер министрлері, Ислам ынтымақтастық ұйымы бас хатшысы Ияд Медени, Ислам өркендеу банкі төрағасы Бандар Ал-Хажжар, Америка Құрама Штаттары, Франция, Италия, Ұлыбритания және Швейцарияның ұйым алдындағы арнайы өкілдері, БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Араб Одағы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық мекемелердің лауазымдары қатысуда.

Қатысушылардың жиналыстың соңында Ташкент декларациясына қол қоюы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар