Ирак түрікмендері ауыр қауіп астында

Ирак Түрікмен майданы төрағасы Эршет Салихи мәлімдеме жасады.

515989
Ирак түрікмендері ауыр қауіп астында

Ирак Түрікмен майданы (ITC) төрағасы және Керкүк депутаты Эршет Салихи Ирактағы түрікмен аймақтарының маңызды қауіп астында екенін атап көрсетті.

Анадолы агенттігіне сұхбат берген Салихи «Террор ұйымы ДАИШ-тің пайда болуымен Иракта көптеген алаңда тұрғын аймақтарының демографиясы өзгертілді. Телафер ДАИШ-тің бақылауында. Салахаддин қаласына қарасты Тузхурмату ауданында жағдай өте күрделі және қақтығыстар жалғасуда. Осыған қоса, Дияладағы түрікмендер де ауыр қауіп астында. Жағрапиямыз туралы маңызды келіспеушіліктер бар. Біздіңше Мосулды құтқару операциясы табысты түрде аяқталу керек. Керісінше Керкүктің мәртебесі немесе не болатыны жайлы шешімдерді күн тәртібіне әкелу түрікмендердің мүддесіне емес. Халықаралық заңдар аясында түрікмен жағрапиясы үстінде бір аймақ құрып, қайтадан бұл ұлтты тірілтуіміз керек» деді.

Салихи Керкүктің мәртебесі жайлы соңғы күндері кейбір қауесеттермен байланысты «Керкүктің Ирак Орталық үкіметі немесе Ирак Күрд аймағқтық әкімшілігіне бағынуының орнына ең жақсы шешім арнайы мәртебе алуы» деді.



Ұқсас жаңалықтар