Ғарифолла Есімнің кітабы Стамбулда

Қазақ ғалымның түрік тіліндегі кітабының тұсаукесері Түркияда өтті.

248963
Ғарифолла Есімнің кітабы Стамбулда

Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, ғалым, Профессор Ғарифолла Есімнің "Социализм (Күнә мен қылмыс)" атты кітабының түсаукесері Стамбулда болып өтті. 

Тұсаукесер ТАСАМ ұйымдастырған 4.Дүниежүзілік Түркі форумы аясында өткізілді. Сондықтан кітап таныстырылымына көптеген елдің азаматтары қатысты.
Түркияда қызмет көрсететін Халықаралық жергілікті әкімшіліктермен ынтымақтастық қоғамының басшысы Мұстафа Башкурттың ұйытқы болуымен басылған кітапты таныстыру басында Ғарифолла Есім "Осы кітап арқылы түрік бауырлар социализмнің не екенін, қазақ бауырларының қандай қайғы қасірет шеккенін оқып біледі" деді.
Жеке кәсіпкер Мұрат Ылгардың да қолдауымен шыққан кітапты Дамира Ибрагим түрік тіліне аударып шықты.
Барлығы мың дана басталған аталмыш кітап Түркияда әртүрлі мемлекеттік кітапханаларға да таратылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар