Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2006690
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Ердоған: Құранды өртеу деген еркіндік болмайды» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Министрлер кабинеті отырысынан кейінгі мәлімдемесінде Швецияда Құран өртеу туралы «Басқа діннің шіркеуін, синагогасын немесе ғибадатханасын өртеу бостандық болмағаны сияқты, Құранды өртеу де еркіндік болмауы керек» деді.

Стар газеті Еуропа баспасөзінің сөздеріне орын берген.  Газеттің хабарына қарағанда, Еуропалық баспасөзде жарияланған мақалада Украина-Ресей соғысында бейбітшілікте бітімгергілік туралы «Мұны істесе, Ердоған істейді» деп айтылған.

Хүрриет газеті «Сауда министрлігі экспорт көрсеткіштерін жариялады» деген хабарға орын берген. Кеше Сауда министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Түркияның маусым айында экспорты 20,9 миллиард доллар болды. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың алғашқы 5 айындағы орташа айлық көрсеткіштен жоғары екені айтылған.

Сабах газеті «Түркиямен экономикалық ынтымақтастықты күшейтеміз» деген хабар жариялаған. Түркия мен елі арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударған Черногория президенті Яков Милатович «Түркияға ресми сапарым барысында екі елдің экономикалық делегацияларының жоспарланған кездесуі арқылы экономикалық ынтымақтастықты күшейтеміз» деді.

Ватан газеті «ANKA-3-ке «танкер» миссиясы» деген хабарға орын берген. Түркияда осы уақытқа дейін шығарылған ең құнды ұшқышсыз ұшатын аппараттарының бірі «АНКА-3» өндірушілері аталмыш көлікті «танкер ұшағы» ретінде де пайдалануға болатынын білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар