Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1967293
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоғанның Швецияның НАТО-ға мүшелігі туралы мәлімдемесі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Швецияның НАТО-ға мүшелігіне қатысты «Біз күтетін кейбір нәрселер бар, олар орындалмайынша мүмкін емес» деді. Түркия 28 маусым күні Испанияның Мадрид қаласында өткен НАТО саммитінде мүшелікке өтініш тапсырған Финляндия мен Швецияны вето етті. Террор ұйымдарын ашық қолдайтын екі елмен хаттамаға қол қойған Анкара берілген уәделердің орындалуын күтуде.

Ватан газеті «Венгрияға ‘TANAP’ табиғи газы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған «Транс-Анадолы» табиғи газ құбыры және «TANAP»-тан Венгрияға табиғи газ жеткізілуі тақырыбында Әзербайжанмен бірге бар қолдауды беруге дайын екендерін білдірді.

Стар газеті «TOGG Германияны таң қалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның отандық автокөлігі «TOGG T10X» моделі үшін тапсырыс беру құқығын иелеген 20 мың асыл және 20 мың қосалқы жеңімпаздың тізімі анықталды. «TOGG T10X» моделі 2023 жылы 20 мың тапсырушыға жеткізіледі. Екінші жағынан неміс баспасөзі де TOGG-rt кең орын берді. Немістің «FAZ» газеті «түріктің ‘Tesla’-сы TOGG-ке сұраныс жоғары» деп хабарлады.

Сабах газеті «Жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған баспаналар бой көтере бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Ғасыр апаты» салдарынан қираған немесе қатты зақымданған үйлер үлкен қарқынмен қайта салынуда. Газиантептің Нұрдағы ауданына қарасты 7 ауылда Қоршаған орта, қала және климат министрлігінің үйлестіруімен салынған үйлердің аяқталуына күндер қалды.

Йени Шафак газеті «Жаһандық сауданың жаңа бағыты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Ирак арасында өткен аптада қол қойылған Анкара декларациясында тіркелген «Даму жолы» жобасы (Құрғақ канал) жаһандық сауда бағытының жаңа баламасы болмақ. Жаңа бағыт Үнді мұхитынан Парсы шығанағына келетін тауарды Түркия арқылы Жерорта теңізіне тасымалдау.

 



Ұқсас жаңалықтар