Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1966729
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті АҚШ телеарнасының Түркия туралы хабарына орын берген. Түркияның қарқынды дамып келе жатқан қорғаныс өнеркәсібі әлемде назар аударуды жалғастыруда. Американдық «CNBC» телеарнасында жарияланған талдауда Түркияның экспорт рекордына назар аударылып, «Президент Режеп Тайып Ердоғанның жергілікті компанияларға күшті мемлекеттік инвестиция жасауды жалғастырған жиырма жылдық жобасы жемісін бере бастады» делінген.

Сабах газеті «HÜRJET» туралы хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Түркияның алғашқы реактивті ұшағы «HÜRJET» аз уақытта аспанда ұшады.  Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир «HÜRJET» ангарында жасаған мәлімдемесінде «HÜRJET» үшін бірнеше сынақ рейсі қалғанын айтты.

Йени Шафак газеті «Түркия жаңа жаңалық ашты: «Марлин» ұшқышсыз теңіз көлігінен басқарылатын зымыран ұшырылды» деген хабар жариялаған. «Kuzgun» круиздік зымыраны Түркия шығарған ұшқышсыз жерүсті «MARLIN» көлігінен ұшырылды. Осылайша  лазермен басқарылатын оқ-дәрілер қарулы ұшқышсыз теңіз көлігінен бірінші рет  атылды.

Хабер Түрік газеті «Түркияның 2 айлық бал экспорты 6,5 миллион доллар болды» деген тақырып қолданған.

Түркиядан қаңтар-ақпан кезеңінде бал экспорты 6 миллион 485 мың 105 долларға жетті. Ең көп бал экспорттаған елдер АҚШ, Израиль және Германия болды.

Стар газеті «Көршіден Түркия сипаттамасы» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Грекия Сыртқы істер министрінің Экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Костас Франгояннис Түркия мен Грекия арасындағы «жағымды күн тәртібі» аясында ынтымақтастықта ілгерілеушілік болғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар