Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1964526
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті  «Ердоған: Қираған әрбір ғимаратты қалпына келтіреміз» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпанда орталығы Кахраманмарашта  болған және 11 облысты қамтыған жойқын жер сілкіністерінен кейін алғашқы 17 мың 902 үйдің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Ердоған бұл жердегі  сөзінде «Қираған үйлерімізді қайта тұрғызып, жаңа тұрғын үйлер саламыз. Түркия ғасырына қадам басып келе жатырмыз» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті «Ғасыр ынтымақтастығы науқаны басталды» деген хабарға орын берген. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы 6 ақпанда орталығы Кахраманмараштағы  жер сілкінісінен кейін жасалған ынтымақтастыққа назар аудару үшін «Ғасыр ынтымақтастығы науқанын» бастады. 

Сабах газеті «Алтай танкі келе жатыр» атты хабар жариялаған. Әлемнің соңғы технологиясымен қамтамасыз етілген Түркияның «Алтай» атты тұңғыш отандық танкі 23 сәуірде сынақтар үшін Түрік Қарулы Күштеріне тапсырылуға дайындалуда.

Стар газеті «Медициналық туризмі 25-30 пайыздық артуды көздеуде» деген хабарға орын берген. Түркия медициналық туризм қауымдастығы төрағасы Тевфик Язан 2023 жылы медициналық туризмі кірістерінің 25-30 пайыздық артуды   көздегендерін айтты. 

Хүрриет газеті «Стамбул әуежайы Еуропада бірінші орында» атты хабар жариялаған. Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымының (EUROCONTROL) ақпан айындағы әуе қозғалысы туралы есебіне сәйкес, Стамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды. Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Караисмайлоғлу «Стамбул әуежайы ақпан айында 35 569 рейс  5 136 413 жолаушы үшін қызмет етті» деді.



Ұқсас жаңалықтар