Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1962802
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Жер сілкінісінің шығыны 104 миллиард доллар» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісінің шығынының 104 миллиард доллар екенін айтты. Жер сілкінісінен қираған барлық қалаларды қайта тұрғызып, қайта қалпына келтіретінін айтқан Ердоған «Мақсатымыз--1 жылда жер сілкінісі болған аймақтың қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей ғимарат салу» деді.

Сабах газеті «Ердоған: Бұл ынтымақтастықты ұмытпаймыз» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Брюссельде Түркиядағы жер сілкінісі апатынан зардап шеккендер үшін ұйымдастырылған шараға тікелей эфир арқылы қатысты. Ердоған «Осы қиын күндерде барлық достарымыздың,  Еуропалық Одақ (ЕО), Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдардың берген көмегі мен жасаған ынтымақтастығын ешқашан ұмытпаймыз» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «ЕО Түркияға 1 миллиард еуролық жәрдем береді» деген хабарға орын берген. Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен «Еурокомиссия Түркияға жер сілкінісінен кейін қалпына келтіру үшін 1 миллиард еуро көлемінде қолдау көрсетеді» деді. Ляйен Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі аймақтарына қолдау көрсетуге шақырды.

Йени Шафак газеті «Чавушоглу-Дендиас кездеседі» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркиядағы жер сілкіністері мен Грекиядағы пойыз апатында екі елдің бір-бірімен ынтымақтастығына тоқталды. Чавушоғлу мұның екі жақты қарым-қатынастарға да әсер ететінін және жақын болашақта қайта кездесуге келіскендерін білдіріп, Дендиасты Түркияда күтіп алғысы келгенін және кез келген жерде кездесе алатындарын айтты.

Хүрриет газеті «Әлем TOGG-ны тілге тиек етуде» деген хабарға орын берген. Түркияның отандық автокөлігі TOGG Америка Құрама Штаттарында өткен «CES 2023» әлемдегі ең үлкен тұтынушылық электроника жәрмеңкесінде 4-ші үздік бренд болып таңдалды. TOGG үздік 3200 брендтің қатарына кірді.



Ұқсас жаңалықтар