Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1943786
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «10 аймақта 3 айлық төтенше жағдай  жарияланды» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкінісінен зардап шеккен 10 аймақта 3 айлық төтенше жағдай  жарияланғанын айтты.

Хүрриет газеті «Ердоған әлем көшбасшыларына алғыс айтты» атты хабар жариялады. Президент Ердоған жер сілкінісіне байланысты телефон арқылы хабарласқан мемлекет және үкімет басшыларына алғыс айтты. Осы уақытқа дейін 70 түрлі ел және 14 халықаралық ұйымнан көмек ұсынысы түскенін жеткізген Мемлекет басшысы «Бізге телефон соққан 18 мемлекет және үкімет басшысымен сөйлестік. Хабарлама жолдаған және мәлімдеме жасаған барлық достарымызға,  мемлекет және үкімет басшыларына алғысымды білдіремін» деді.

Ватан газеті «Әлемге әйгілі өнерпаздар Түркияны қолдаған хабарлама жариялады» деген хабарға орын берген. Эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкіністерінің үйінді астында қалғандарды құтқаруы  жұмыстары жалғасып жатқанда, әлемге әйгілі өнерпаздар Түркияға қолдау хабарлама жариялады. Рассел Кроу, Антония Бандерас, Евгений Гринко, Марк Алан Руффало, Джей Джей Йохансон, Дуа Липа және Марк Элияху сияқты көптеген актер мен өнерпаз әлеуметтік желі арқылы Түркияға көңіл айту хабарламаларын жариялады.

Сабах газеті «Түркия бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруда» атты хабар жариялаған. Анталиядағы туризм секторы қожайындары жер сілкінісінен зардап шеккендерге 9 мың 450 бөлме дайындады. Жер сілкінісінен зардап шеккен 15 мың адамға бөлмелер бөлінеді. Бөлмелер санын көбейту жұмыстары да жалғасуда. Аймақта апаттан зардап шеккен мыңдаған еріктілер іздеу-құтқару шараларына қатысуға өтініш білдірді. Қан тапсыруға ниет білдірген азаматтар да қан орталықтарында ұзын-сонар кезекта тұр.

Стар газеті «Көптеген елден Түркияға көмек қоры» деген хабарға орын берген. Эпицентрі Кахраманмараш және 10 аймақты қамтыған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек қорын құрды. Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифтің нұсқауымен Түркия үшін қор құрылды. Тайвань болса  2 миллион доллар көмек беретінін жариялады. Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс та Түркия мен Сирия үшін гуманитарлық көмек қор құратынын білдірді. Қырғызстан да жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету науқанын бастады.



Ұқсас жаңалықтар