Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1941618
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті  «Түркия кірісті, Норвегия кері шегінді» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның ескертуі нәтижесінде Норвегияның Құранды өртеу рұқсатынан бас тартқанын мәлімдеді.

Йени Шафак газеті«Челик консулдықтары жабылған елдерге наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Түркиядағы консулдықтарды қауіпсіздік сылтаумен жапқан елдерге наразылық көрсеті. Челик «Түркия қауіпсіз ел. Қауіпсіздік күштері мен барлау бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Осы таңда қауіпсіз ретінде қаралған елдерде босқын және ислам дұшпандығы әрекеті болуда және қасиетті кітабымыз Құран Кәрімге шабуыл жасалуда» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті «Варанк: Ұшқышсыз әуе аппараттары мен қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын сатып алғысын келетін елдер кезекті тұр» деген хабарға орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк кеше сөйлеген сөзінде Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласында үлкен табысқа қол жеткізгенін түсіндіріп,  қарқын алғанын айтып, « Ұшқышсыз әуе аппараттары мен қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын сатып алғысын келетін елдер кезекті тұр» деді.

Сабах газеті «"Hürjet" ұшағының моторы іске қосылды» атты хабарға орын берген. Исмаил Демир Twitter-дегі жазбасында «Hürjet» ұшағының соңғы жағдайы туралы ақпарат берді. «Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның мықты басшылығымен түрік қорғаныс өнеркәсібі Республиканың 100 жылдығында жұмысын бар қарқынмен жалғастыруда. «Hürjet» моторын іске қосты. Енді ұшу уақыты келді» деп жазды ол.

Ватан газеті «Министр Муш: Қаңтар айында экспорт 19,4 миллиард долларға жетті» деген хабар жариялаған. Сауда министрі Мехмет Муш «Қаңтар айында   экспорттымыз өсті. Қаңтар айында экспортымыз өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 10,4 пайыз артып, 19,4 миллиард доллар болды» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар