Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1908652
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Сирия және Иракқа әуе операциясы» деген хабарға орын берген. Түрік соғыс ұшақтары кеше Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі террор нысандарына әуе операциясы жасады. Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Пенче-Кылыч» әуе операциясына қатысты кеше мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Операцияда террористтердің баспаналары, үңгірлері, оқ-дәрі қоймалары, штаб-пәтері және оқу лагерьлерінен тұратын 89 нысан жойылып, көптеген террорист залалсыздандырылды» делінді.

Стар газеті «Министр Акар: Террор ұйымының штаб-пәтері деп аталатын ғимаратқа тікелей соққы жасалды» атты хабар жариялаған. «Пенче-Кылыч» операциясын Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қарулы Күштері қолбасшылығымен бірге Әуе күштері операция орталығынан жүргізді. Министр Акар «Террористерге тиесілі баспаналар, үңгірлер, туннельдер мен қоймалар жойылды. Террористік ұйымның штаб-пәтеріне де тікелей соққы жасалды» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті «Челик: Операциямен елімізге көз тіккендердің тағы бір рет үлкен шығынға ұшырайтынын көрсетудеміз» атты хабарға орын берген.  Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары және партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик әлеуметтік желідегі парақшасында «Біз «Пенче Кылыч»  операциясын жүргізудеміз. Елімізге көз тіккендер тағы бір рет үлкен шығынға ұшырайды. Біз бұны көрсетудеміз» деп көрсетті.

Сабах газеті «Алтун: Террордың көзін жоюды жалғастырамыз» деген хабар жариялаған. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «Пенче-кылыч»  әуе операциясына қатысты өзінің әлеуметтік медиа парақшасында «Терроризм мен оның демеушілерінің Түркияны тұрақсыздандыруға бағытталған талпыныстарына тосқауыл қоюды және терроризмнің көзін жоюды жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті «Чавушоғлу: 88 месхет бауырларымыз Отаныңызға қош келдіңіз» атты хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның бастамалары нәтижесінде Украинаның Херсон қаласында тығырыққа тірелген 88 месхет түріктерінің Түркияға келгенін хабарлады. Чавушоғлу әлеуметтік желідегі парақшасында «Украинаның Херсон қаласында тығырыққа тірелген 88 месхет ағайындарымызды өз бастамамызбен Ресей мен Грузия арқылы елімізге әкелдік. Атамекенге қош келдіңіздер. Олар қайда жүрсе де, біз әрқашан месхет бауарларымызбен біргеміз және олардың жанында боламыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар