Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1866353
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоғаннан сауда мен қорғаныс өнеркәсібі салаларында ынтымақтастық хабарламасы» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Словения президенті Борут Пахормен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында қорғаныс өнеркәсібі және сауда салаларында ынтымақтастыққа назар аударып, «Екі жақты тауар айналымы өткен жылы 2,3 миллиардқа жетті. Бұл біздің нақты әлеуетімізді толық көрсетпейді, бұл көрсеткішті арттыруды мақсат етіп отырмыз» деді.

Хабертүрік газеті «Чавушоғлу: Біз PKK, ФЕТӨ және басқа да террор ұйымдарының үгіт-насихатымен күресеміз» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 13-ші Елшілер конференциясында елшілерге үн қатты. Чавушоғлу «Әрі PKK, әрі ФЕТӨ мен басқа да террор ұйымдарының үгіт-насихаттарына қоса елімізге тағылған айыптарға қарсы күресіп жатырмыз» деді.

Сабах газеті «Бұрғылау кемесі «Абдулхамид Хан» әлем күн тәртібінде» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның 4-ші, әлемнің ең үлкен 5-ші бұрғылау кемесі «Абдулхамид Хан» салтанатты рәсімнің артынан міндетіне кірісті. Грекиядан бастап көптеген ел қадағалаған рәсімде президент Режеп Тайып Ердоғанның «Өз құқығымызды қорғау үшін қажет кезде бәрімен күресуден бас тартпаймыз» деген сөздері көптеген басылымда басты тақырып болып жатқанда, Грекия үкіметі «Біз ояу болуымыз керек» деп мәлімдеді.

Йени Шафак газеті «Түркия алғашқы SİDA-ның жаппай өндірісін бастайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қысқаша «SİDA» деп аталатын Түркияның ұзындығы 11 метрлік алғаш Қарулы пилотсыз теңіз көлігі «ULAQ»-тың прототипі жаттығу мен сынақтардан сәтті өтті. Кейбір елдердің сұраныстары бойынша жылына 50 дана өндіру үшін жұмыстар басталды.

Стар газеті «Тепе-теңдікті өзгертетін қадам: Анкарада орын бөлінді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда чип өндірісі баяулаған кезде автокөлік пен компьютер өндірісінің де әлсірегенін атап көрсеткен Сауда министрі Мехмет Муш «Түркия ретінде бізде де дайындықтар бар. Тіпті Анкарада чип өндірісі үшін орын бөлінді. Бұл мәселе бойынша Өнеркәсіп министрлігінің дайындықтары жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар