Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер басты тақырыптарға орын берген.

1832278
Түрік баспасөзіне шолу

 

Стар газеті «Ердоған: «Түркия ешқашан құрбандарға теріс айналмады» деген хабар жариялаған.  Президенттік кешенде өткен Жоғары кеңес жиналысында сөз сөйлеген президент Ердоған Түркияның тарих бойы жасағанындай бүгінгі күні де шекарадан асып келіп, Түркияны паналаған адамдарға теріс айналмайтынын айтты.

Хүрриет газеті «Үйлеріне қайтқан сириялықтар саны 500 мыңнан асты» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде Түркия тарапынан қауіпсіз аймаққа айналдырылған жерлерге қайтқан сириялықтар санының 500 мыңнан асқанын білдірді. Ердоған осы аймақтарда халықаралық қаржыландыру арқасында салынатын жаңа елді мекендерге оралатын сириялықтардың санының арта түсетінін атап көрсетті.

Йени Шафак газеті «Операция дайындықтары тамам» деген хабар жариялаған.  Сирияның солтүстігінде «қауіпсіз аймақ» қалыптастыру мақсатымен 2016 жылдан бері 4 ірі әскери операция жүргізген Түркия бесінші операцияға дайындықтарын бастады.  Президент Ердоған осының белгісін берді. Болуы мүмкін операцияның нысанасы – Тель- Рыфат, Айн әл Араб, Айн Иса және Манбидж.

Хабер Түрік газеті «Столтенберг: Түркия - барлық одақтастар үшін маңызды ел» деген хабар жариялаған. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның географиялық және стратегиялық тұрғыдан маңызды ел екенін атап көрсетті. «Түркия террорлық лаңкестіктерден ең көп зиян шеккен ел» деді ол.

Сабах газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Палестинаға қолдау беруді жалғастыратынын айтты. Ол Түркияның Палестина күресін ең көп қолдаған ел екенін атап көрсетті. «Тәуелсіз және егемен бір мемлекетке ие болу күресінде палестиналық бауырларымыздың жанында боламыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар