Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1825956
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоғанның спортқа деген қызығушылығы әлеуметтік медиада жаңғырық жаратты» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоғанның 16 жыл бұрын Австрияда спорт залында футбол ойнаған бейне көріністері әлеуметтік медиада жарияланды. Алдыңғы күне президент Ердоғанның Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен үстен теннисін ойнаған көріністері әлеуметтік медиада жарияланды. Бұл көріністер жаңғырық жаратты.

Хүрриет газеті «Чатаклы: операциялар мигрант толқынын азайтты» атты хабар жариялаған. Ішкі істер министрінің орынбасары және министрлік мәлімдемешісі Исмаил Чатаклы Түркияның Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымына бағытталған шекара тысы операциялары арқылы мигрант толқынын да азайтқанын білдірді. Чатаклы «Евфрат қалқаны» операциясымен 1 миллион 300 мың, «Зәйтүн бұтағы» операциясыммен 550 мың, «Бейбітшілік қалқаны» операциясымен 300 мың, «Көктем қалқаны» операциясымен де 4 миллион сириялықтың өз отанынан қозғалмағаны баяндады.

Ватан газеті «Түркияның ұшқышсыз ұшу аппараты керемет» деген хабар жариялаған. Түрік қарулы ұшқышсыз ұшу аппараттарының  өндірушісі және Байкар технологиясының басшысы Селчук Байрактар осы таңға дейін ұшқышсыз ұшу аппараты экспорты үшін 20-дан астам елмен келім жасағанын, сондай-ақ 13 елдің ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданғанын айтты.

Сабах газеті «Түркия Жерорта теңізінің шығысында жаңа бұрғылау процесін бастайды» атты хабарға орын берген. 7 наурыз күні Оңтүстік Кореядан шығып, қазір Алжир су айдынында келе жатқан кеме «Фатих», «Кануни» және «Явуздан» кейін флотқа қосылған төртінші бұрғылау кемесі болмақ. Сапарын Оңтүстік Кореяның Окпо портынан бастаған кеме 19 мамырда Ташучу портына жетеді деп жоспарланды.

Хабер Түрік газеті «Түркияның биылғы туризмдегі нысанасы 42 миллион турист» деген хабар жариялаған. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой Түркияға өткен  өткен жылы 30 миллион турист келгенін және 24,5 миллиард доллар кіріс түскенін білдірді. Министр Эрсой биыл болса 42 миллион туристтің келуін күткенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар