Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1744414
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Шығанақ халықтарының барлығы біздің нағыз бауырларымыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған мен Катар Әмірі Шейх Тамим бин Хамед әл-Танидің әмірлік кеңсесінде өткізген жеке кездесуінен кейін екі елдің министрліктері арасында 15 ортақ келісімге қол қойылды. Келісімдерден кейін президент Ердоған Катар-Түркия бірлескен әскери күштер қолбасшылығына барып, «Түркия ретінде Катармен бірге Парсы шығанағы аймағының тыныштығы мен әл-ауқатына үлкен мән береміз. Бұл елдер арасында шиеленіс көргіміз келмейді. Шығу тегі мен сектасына қарамастан Шығанағы халықтарының барлығы біздің нағыз бауырларымыз» деді.

Йени шафак газеті «Англиядан Түркияға хабарлама: «Біз одақтас болуға дайынбыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Британия Қорғаныс және қауіпсіздік форумы төрайымы Ольга Майтланд Түркияның ұлттық қауіпсіздік саласындағы қадамдарына назар аударып, Ұлыбританияның бұл салада Түркиямен ақпарат алмасуға дайын екенін және Түркияны одақтас ретінде қабылдау керектігін атап көрсетті.

Стар газеті «Талибаннан түрік компанияларына шақыру» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ауғанстандағы Талибан әкімшілігінің Су және энергетика министрі орынбасары Мучибуррахман Омар әлемнің түкпір-түкпірінен келген инвесторларға, әсіресе түрік инвесторларына «Келіңдер, елімізге инвестиция салыңдар!» деп шақырды.

Сабах газеті «Түркияның ұшу желісі 335 бағытқа ұласты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Азаматтық авиация саласындағы жаңалықтармен «әлемдегі ең үлкен ұшу желісіне» ие елдердің бірі ретінде Түркиядан 2003 жылы 50 елде 60 бағытқа рейс ұшса, қазір бұл 128 елде 335 бағытқа ұласты.

Хабер түрік газеті «MSC Cruises Түркияға 2022 жылы оралады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия 2022 жылдың жазғы маусымында MSC Cruises компаниясының Жерорта теңізі саяхат бағдарламасына қайта оралады. Айдынның Кушадасы ауданы теңізде демалуға келген қонақтардың алғаш рет мінетін порты болады. MSC Cruises директоры Анджело Капурро «Түркияға қайта оралғанымызға өте қуаныштымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар