Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1744035
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрк газеті «Коронавирус індетіне қарамастан Түркия экономикасы өсуде» деген хабарға орын берген. Президент орынбасары Фуат Октай Түркия өнеркәсібіндегі өсудің жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне жарамастан жалғасқанын айтты. Октай Түркия экономикасының жаңа инвестиция арқылы жалғасты дамығанын білдірді.

Хүрриет газеті «Түркі Мемлекеттерінің ұйымы Африка елдеріне вакцина саласында жәрдем берді» деген хабар жариялаған. Әзербайжан, Өзбекстан және Венгрияның тарту еткен жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) вакцияналары Түркияға жетті. Бұл вакциналар Түркияның тарту еткен вакциналарымен бірге жүк ұшақтары арқылы Африка елдеріне жіберілді.

Йени Шафак газеті «TOGG Лас-Вегаста өткізілетін  тұтынушылар үшін электр жәрмеңкесінде орын алады» атты хабарға орын берген. Түрік автомобиль бастамашыл тобы (TOGG) Twitter парақшасындағы мәлімдемесінде жасады. Мәлімдемеде Америка Құрама Штаттарының Лас-Вегас қаласында өткізілетін «Тұтынушылар үшін электр жәрмеңкесі CES 2022-де» орын алатынын жариялады.

Сабах газеті «Түркиядан өткен Орталық коридорға қызығушылық артуда» деген хабар жариялаған. Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті салдарынан қатынас бағалары өсті. Сондықтан контейнир табылмауды. Батыс-Шығыс желісіндегі саудада альтернатива бағаттар ізделген кезде темір жолы альтернатива тіпті көп сұранысқа айналды. Қытайдан Еуропаға дейін жалғасқан «Бір белдеу, бір жол» жобасының Солтүстік коридоры толып кетті. Осы себепті тез қарқынды дамыған және Түркиядан өтетін «Орталық коридорға» деген қызығушылық көбейді.

Стар газеті «Сербия өз азаматтарына Түркияға саяхат жасау жайлы үндеу тастады» атты хабарға орын берген. Сербия Туризм министр орынбасары Дуния Дженич Түркияға саясат жасау жайлы үндеу тастады.  Дженич «Мен Түркияда екі күн ғана тұрдым. Екі күн ішінде түрік халқының қонақжайлылығын көрдім. Сөзсіз түрде Түркияны көріңіздер» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар