Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1732457
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті президент Ердоғанның Ирак премьер-министріне хат жолдағанын хабарлаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак премьер-министрі Мұстафа әл Казымидің үйіне жасалған террорлық шабуылды айыптады. «Түркия Республикасы терроризммен күресіңізде сізге ең мықты қолдауды беруді жалғастырады» деді ол хатында.

Хүрриет газеті «Түркия Ливияның жанында болуды жалғастырады» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда, Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп «Түркия бүгінге дейін болғаны секілді бұдан былай да керек кезінде Ливияның және ливиялық бауырлардың жанында болуды жалғастырады» деді.

Стар газеті экспорт хабарына орын берген.  Түркияның алғашқы қарулы дрон жүйесі Songar экспортқа бағытталған қадамдарын жылдамдатты. Asisguard компаниясының бас директоры Мұстафа Барыш Дүзгүн «2 елге Songar экспорттадық.  Үш елмен де келіссөз жүріп жатыр. Келісімге келу сатысына жеттік.  Өнімге сұраныс көп» деді.

Сабах газеті «ЕО-Modex жаттығуы бірінші рет Түркияда өтеді» деген хабарға орын берген. Еуропа Одағы Азаматтық қорғаныс механизмі тарапынан ұйымдастырылған апат және жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару және медициналық көмекке байланысты Modex жаттығуы бірінші рет Түркияда болады. Текирдағда болатын жаттығуда Франция, Австрия, Испания, Италия, Болгария, Грекия және Түркиядан 1715 кісі қызмет атқарады.

Йени Шафак газеті «Түрік үй текстилі 180 елде» деген хабар жариялаған.  Түркия үй текстилі өнеркәсіпшілері қауымдастығының басшысы Хасан Хүсейін Байрам 180 елге жылына шамамен 3,5 миллиард долларлық экспорт жасалған сектордың ұлттық табысқа үлкен үлес қосқан секторлардың бірі екенін айтты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар