Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1708536
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Түркияның өсіп келе жатқан қуатын көрсететін шедевр» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы жаңа Түрікүйі ғимаратының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Түркияның осы туындымен өзінің ұлылығын, тәжірибесін және күшін көрсететін керемет бір шығарма ортаға қойғанын мәлімдеді. 

Хабер түрік газеті «Шентоп: Біз әлемнің ең жомарт еліміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Испанияда сөйлеген сөзінде Түркияның ең көп көмектесетін елі екенін атап «Біз әлемдегі ең бай мемлекет емеспіз, бірақ ең жомарт еліміз. Түркия ең көп босқынды қабылған ел. Түркияда 4 миллионнан астам сириялық өмір сүреді, соңғы бірнеше айдан бері емес, 10 жылдан бері тұрады» деді. 

Стар газеті «Тарихи жетістік: Түркия 132 ел арасында 2-ші орынды иеледі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 132 ел жарсатын Global Innovation Index-те Түркия 41-орынға көтеріліп, өз тарихындағы ең үздік рейтингке ұласты. Индекске енгізілген 132 елдің ішінде Түркия тізімде бірден көтерілген елдер арасында 2-ші орынды иеледі. 

Йени шафак газеті «Түркі әлемінің мәдениет астанасы атағы ресми түрде Бурса қаласына өтті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков пен Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой да қатысқан тапсыру рәсімінде Бурса қалалық муниципалитеті басшысы Алинур Акташ Хиуа қаласының әкімі Темур Давлетовтың қолынан «Түркі әлемінің мәдени астанасы» атағын алды.  

Хүррийет газеті «Еуропадан «Троя» мұражайына арнайы сыйлық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Троя» мұражайы 2020/2021 Еуропалық музей академиясының арнайы сыйлығына лайық деп танылды. Троя екі жылдың да марапатына ие болған алғаш түрік мұражайы болды. 



Ұқсас жаңалықтар