Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1707165
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. президент Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде «Әлемнің ең жоғары өсу көрсеткіштеріне қол жеткіздік.  Экспортта рекорд жаңартудамыз. Жұмыспен қамту пандемиядан бұрынғы деңгейінен де асып түсті» деді.  

Хүрриет газеті «THY – әлемнің үздіктері қатарында» деген хабар жариялаған. Түрік Әуе жолдары THY Travel + Leisure журналының оқырман дауыстарынан тұратын сауалнамасында әлемнің үздік 10 авиакомпаниясы арасында орын алды.

Сабах газеті «Түркияның жүзім экспорты 22 пайыз артты» деген хабар жариялаған. Түркияның жүзім экспорты 1 қаңтар-14 қыркүйек күндері арасында алдынғы жылмен салыстырғанда 22 пайыз артты.  Эгей Экспортшылар одағының хабарламасына қарағанда, жүзім экспортынан түскен табыс 2021 жылы 77 миллион долларға жетті. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 63 миллион доллар болатын.

Ватан газеті «АҚШ-тан Түркия хабарламасы» деген тақырып қолданған.  Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Нед Прайс Кабул әуежайының чартер рейстеріне қоса тарифтік рейстерді де бастауы үшін Түркия мен Катардың жұмыстарып жатқанын білдірді.

Стар газеті «Галатасарай 1 – 0 Лацио» деген хабар жариялаған. UEFA Еуропа лигасы матчтарында Галатасарай командасы Италияның Лацио командасымен ойнады.  Галатасарай қарсыласын 1-0 есебімен жеңді.

 



Ұқсас жаңалықтар