Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1706418
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Түркия экономикалық өсуде пандемияға дейінгі кезеңінен асып түсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның өнеркәсіптік өндірісі, экспорт, жұмыспен қамту және өсуде тез көтерілумен жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) пандемиясына дейінгі кезеңінен асып түскенін мәлімдеді. Ердоған «Индикаторлар экономикадағы оң өсуді одан әрі арттыратынын көрсетеді» деді.  

Ватан газеті «Ердоғанның АҚШ бағдарламасы нақтыланды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда президент Ердоған 19-22 қыркүйек күндері аралығында АҚШ-та болады. Ердоған Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен көші-қон, климат өзгерісі және эпидемия тақырыптарында маңызды шақырулар жасайды. Ердоған АҚШ президенті Джо Байден және Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетпен де бас қосады. Әлемдік көшбасшыларға өзінің «Адал әлем мүмкін» атты жеке кітабын ұсынатын Ердоған «Түрік мәдениет үйін» ашу салтанатына қатысады. 

Йени шафак газеті «Үйге оралу үшін жол қарастырылуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда сириялық босқындардың артынан Ауғанстаннан иммиграциялық қысымның артуы халықаралық қоғамның көші-қон мәселесіне сезімталдығын арттырды. Бұл тұрғыда босқындардың үйлеріне қауіпсіз оралуы үшін дипломатия жылдамдады. Соңғы екі аптада Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен Еуропадан келген үш қонақты қабылдаған Түркия халықаралық қауымдастықпен мәселенің ортақ шешімін күтеді. Шешім ретінде Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіз дәлізден басқа, брикет үйлердің санын арттыру және лагерьлердің жағдайын жақсартуға баса назар аударылуда. 

Стар газеті «Түркиямен қол қойылды: Катар армиясы жаңа бір кезеңді бастайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Юнус Эмре институты мен Катар Қарулы күштерінің тіл мектебі арасында түрік тілі курсы бойынша білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Тақырыппен байланысты мәлімдеме жасаған Институт директоры Селчук Күршат Кожа «Доха Юнус Эмре институты екі дос және бауырлас ел ретінде Түркия мен Катар арасындағы білім мен мәдениет саласында екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіруге күш жұмсауда» деді. 

Сабах газеті «TEKNOFEST-ке рекордтық қатысу» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияны технология өндіруші қоғамға айналдыруды мақсат еткен және «Ұлттық технология бастамасы» ұранымен жолға шыққан TEKNOFEST авиация, ғарыш және технология фестивалінің 4-шісі ағымдағы жылдың 21-26 қыркүйек күндері Стамбул Ататүрік әуежайында өтеді. Былтыр 16 мың 34 команда өтініш берген TEKNOFEST-те биылғы рекорд 39 мың 684 командамен жаңартылды. Фестивальде электромобильдерден ұшқышсыз ұшатын аппараттарға, зымырандардан автономды жүйелерге, модельдік жер серіктерінен су асты жүйелеріне дейін 35 категорияда байқау өтеді.



Ұқсас жаңалықтар