Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1705752
Түрік баспасөзіне шолу

 

Стар газеті Turkovac-тың үшінші саты жұмыстарына байланысты 5 елмен келіссөз жалғасуда» деген хабар жариялаған.  Вице-президент Фуат Октай коронавирусқа қарсы жетілдірілген отандық вакцинаның үшінші саты жұмыстарының Қырғызстанда да жүргізілуі тақырыбында президент Садыр Жапаровпен келісімге келінгенін айтты.  Октай отандық вакцинаның үшінші саты зерттеуінің жүргізілуі тақырыбында Пәкістан, Әзербайжан, Аргентина, Колумбия және Польшамен келіссөз жүріп жатқанын білдірді.

Сабах газеті «Еуропа Одағының есебінде Түркия» деген хабар жариялаған.  ЕО комиссиясы тарапынан жарияланған 2-ші Стратегиялық болжам есебі Түркияның Еуропа Одағына толық мүшелігінің қаншалықты қажетті, қаншалықты бас тартылмас екенін тағы бір рет дәлелдейді.  Есепке қарағанда, Еуропа Одағының жақын және алыс болашақтағы трансатлантик қатынастары тұрғысынан Түркияның мықты және демократиялық серік ретінде ойнайтын ролі Еуропаның болашағы үшін өміршең.

Хабер Түрік газеті «Фатих» кемесі бұрғыны бастады» деген хабар жариялаған.  «Фатих» кемесі Қаратеңіздегі Сакария газ кеніндегі жаңа Түрікали-5 ұңғымада жұмысын бастады.  Түркия Қаратеңізде ультра терең теңізде жүргізген іздеу жұмыстарында бүгінге дейін барлығы 540 миллиард текше метр табиғи газ резервін анықтады.

Хүрриет газеті «Украина тағы Bayraktar TB2 алады» деген хабарға орын берген.  Украина Бас штаб төрағасы Валерий Залужный 2021-2022 жылдар үшін тағы 4 дана «Bayraktar TB2» кешенін сатып алуды жоспарлағандарын мәлімдеді.  Украина Қарулы күштері Түркиядан 2019 жылы да 6 дана ұшқышсыз әуе көлігі және үш жерден бақылау стансасын сатып алған болатын.

Йени Шафак газеті «Шетелдік брендтердің жаңа ротасы – Түркия» деген хабарға орын берген.  технология алпауыты компаниялардың Түркияны өндіріс орталығы ретінде қабылдағандарын айтқан Түркия IT секторы қауымдастығының төрағасының орынбасары Үмит Өндер «Америка Құрама Штаттары және Қытайдан компаниялармен сөйлесіп жатырмыз. Зерттеулер жүргізілуде, Измит, Мерсин, Стамбул секілді жердерге жылдың аяғына дейін 3-4 ірі компания инвестиция үшін келуі мүмкін. IT саласының  лидер компаниялары Түркияда инвестиция тақырыбына ықылас танытып отыр» деді.



Ұқсас жаңалықтар