Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1686721
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысында орман өртімен күрес басты күн тәртіпте орын алды» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында өткізілген жиналыстан кейін мәлімдеме жасалды. Жасалған мәлімдемеде Түркияда өртпен байланысты жалғастырылған күрестің талқыланғаны және қосымша шаралардың қолға алынғаны білдірілді.

Хүрриет газеті «Шентоп: Ең көп Иран және Түркия зиян көруде» атты хабарға орын берген. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Иран Мәжілісі төрағасы Мұхаммед Бакир Калибафпен кездесу барысында Ауғанстандағы босқын мәселесінен ең көп Иран мен Түркияның зиян көргенін білдіріп «Ауғанстандағы тұрақтылықтың орнатылуы және босқын толқынының доғарылуы үшін ынтымақтастығымызды арттыруымыз керек» деді.

Хабертүрік газеті «Министр Кожа Ковид-19 індетімен күрес жайлы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды» деген хабар жариялаған. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа вакцина өндірген ел және фирма өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған Ковид-19 вакцина ынтымақтастық форумында сөз сөйледі. Кожа баяндамасында «Халықаралық ынтымақтастықтың тездетілуі керек» деді.

Сабах газеті «Түркиядағы автомобиль өнеркәсіп тобының Германия талпынысы» атты хабар жариялаған. Түркиядағы автомобиль өнеркәсіп тобының басқару алқасы төрағасы Гүржан Каракаш 2022 жылының аяғында өндіріліп шығатын көліктердің алдымен Түркия нарығында сатылатынын айтты. Каракаш «Автомобильдер мөлшермен бір жарым жылдан кейін Германияға, одан кейін Еуропадағы басқа нарықтарда сатыла басталады» деді.

Стар газеті «Түрік жүк ұшағы Turkish Cargo үлкен табыстарға қол жеткізді» атты хабарға орын берген. Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының (IATA) санақтарына қарағанда өткен жылы маусым айында жүк тасымалдауда  6-шы болған Turkish Cargo 2021 жылы маусым айында үшінші орынға көтерілді.

 



Ұқсас жаңалықтар