Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1684669
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған Тунистегі тұрақтылық аймақ тұрғысынан маңызды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған өз еліндегі мәжілістің жұмысын тоқтатқан Тунис президенті Кайс Саидпен телефонда әңгімелесті. Ердоған Тунистің тұрақтылығын, ішкі бейбітшілігін және халықтың тыныштығын сақтаудың аса маңызды екенін жеткізді. Ердоған Тунисте демократияны қорғап, еркіндіктер мен құқықтың үстемдігін сақтаудың өте құнды екенін тілге тиек етті. 

Ватан газеті «Ердоғаннан Милановичке алғыс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған хорват әріптесі Зоран Милановичпен телефонда сөйлесті. Ердоған әңгіме барысында Түркияға орман өрті кезінде ізгі тілегін жеткізген және өртке қарсы күресте ынтымақтастық пен қолдау көрсеткен Милановичке алғысын білдірді. Ердоған одақтастық қарым-қатынастардың мұндай күндерде одан маңызды болғанын білдірді. 

Йени Шафак газеті «Экспортта тарихи рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның экспорты қаңтар-шілде кезеңінде өткен жылдың бірдей мерзімімен салыстырғанда 35 пайыз болды. Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясына дейінгі кезеңмен салыстырғанда 16,4%-ға өсіп, 121,4 миллиард долларға жетті. Соңғы 12 айлық экспорт 201,5 миллиард долларға өсіп, Республика тарихындағы жаңа рекордты жаңартты. Алғаш рет 200 миллиард долларлық шекті асты. 

Хүррийет газеті «Түрік ғалымның үлкен жетістігі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік ғалымы Рабия Туғче Языджыгил эндоскопиялық диагноз қою  үшін жұта алатын бұршақ үлкендігінде және сымсыз дерек жіберетін бір капсуланы ойлап тапты. Ішек пен асқорыту жүйесі ауруларын анықтауға пайдалы өнертабыс эндоскопиядан бастап көптеген салада жеңілдік жасайды. Капсула жұтылған соң асқорыту жүйесі арқылы өтетіндіктен, ол бір мезгілде аурудың белгілерін анықтап, ұялы телефонға хабар бере алады. Сондай-ақ капсула арқылы көптеген ауруды ерте анықтауға болады.

Сабах газеті «Волейболдан қарсыласымыз Оңтүстік Корея» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Волейболдан әйелдер ұлттық құрамасының 2020 Токио Олимпиада ойындарының ширек финалындағы қарсыласы Оңтүстік Корея болды. «Б» тобын 3-ші кезекте аяқтаған ұлттық құрама «А» тобын 3-ші кезекте аяқтаған Оңтүстік Кореямен теңесті. Ұлттық құраманың ширек финалы 4 тамыз сәрсенбі күні Түркия уақыты бойынша 03.00-де басталады.



Ұқсас жаңалықтар