Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1645850
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: ісік ауруы секілді тез тарауда» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Анкарада «1-ші Халықаралық медиа және Исламофобия симпозиумына» қатысып, «Әлемнің көптеген жерінде Ислам дұшпандығы ауруы ісік секілді тез тарауда» деді.

Хүрриет газеті «Польшалық министрден назар аударатын сөздер» деген хабарға орын берген. Польшаның Қорғаныс министрі Мариуш Блашак Түркиядан сатып алынған ұшқышсыз әуе аппараттары туралы «Бұл ұшқышсыз қаруды әуе аппараттары өте тамаша.  Ең маңыздысы бұлар сынақтан өткен және табысы дәлелденген. Польша қорғаныс жүйесіне өте үлкен үлес қосатынына сенемін» деді.

Стар газеті «Австралия парламентінен түрік қоғамына мақтау» атты хабар жариялаған.  Австралия Федералдық парламентінде Мұстафа Кемал Ататүрік стипендиясы туралы берілген шешім жобасы талқылауы барысында сөз алған бес депутат Түркия Республикасының құрушысы Ататүрік, Австралия және Түркия достығы мен елге үлесіне орай түрік қоғамын мақтады.

Ватан газеті «500 мың адамның шешімі анықталды» деген хабар жариялаған.  Ресей тур операторлары одағы төрағасының орынбасары Дмитрий Горин Түркия мен Ресей арасындағы рейстердің шектелуіне байланысты шамамен 500 мың орыс туристің Түркияға бара алмай қалғанын айтты. Орыс туристердің 60 пайыздан астамы Түркиядағы демалыстарын кейінге қалдырды, толығымен бас тартпады.

Сабах газеті «Түрік Әуе жолдарына төрт категорияда сыйлық» хабарына орын берген. Авиакомпаниялардың жолаушыларға ұсынған қызметін бағалайтын "Travel Plus" Түрік Әуе жолдарын «Жолаушы гигиена қорабы», «Тұрақты қораптау бастамасы», «Балалар денсаулығы» және «Жолаушы денсаулығы технологиясы» категорияларында "Gold standart" сыйлығына лайықты деп тапты.

 



Ұқсас жаңалықтар