Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1645073
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған: Түркия тарихында бірінші рет» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Польша Президенті Анджей Себастьян Дудамен екі ел арасындағы келісімдерге қол қойылғаннан кейін өткізілген ортақ баспасөз мәслихатында «Түркия тарихында алғаш рет НАТО мен ЕО-ға мүшесі бір елге пилотсыз әуе көлігі экспортталады» деді.

Cтар газеті «Дуда: Түркия - біздің аймақтағы ең мықты одақтасымыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Польша президенті Дуда Түркияның өз елінің аймақтағы ең мықты одақтасы екенін атап, «Біз НАТО шеңберінде екі ел ретінде сырттан келетін қауіптің алдын алатынымызға сенімдімін» деді.

Сабах газеті «Қаратеңізде жаңа табиғи газ сүйіншісі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Сакариядағы газ орнындағы соңғы жаңалықтармен байланысты жасаған мәлімдемесінде Қаратеңізде жаңа зерттеулерге назар аудара отырып «Жаңа жаңалықтар туралы маусым айын күтейік. Жалғасқан жұмыстар маусым айында аяқталады. Филйос (Billeus) Қаратеңіздің терең теңіз бұрғылауының эпицентрі болмақ» деді.

Хабер түрік газеті «Түркиядан 6-шы және 7-ші экспорттық пойыздар Қытайға жол тартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Қытай арасындағы 6-шы және 7-ші экспорттық пойыздар Кожаели қаласына қарасты Картепе ауданынан жолға шықты. Жергілікті өндірісте меламин қапталғанағаш-жаңқалы тақта (АЖТ) тасымалдайтын пойыздар 12 күнде 4 елден өтіп, Қытайдың Сиань қаласына жетеді.

Хүррийет газеті «Туристер шектеулерге қарамастан Түркиядан бас тартпайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Қонақүй қожайындары федерациясы төрағасы Сурури Чорабатыр коронавирусқа қарсы барлық шектеулерге қарамастан Түркияға келген қонақтардың өз еліне бақытты және сенімді оралғандарын атап, «Қонақтарымыз біз қабылдаған шаралардың ауқымын өз көзімен көріп, ұсынылатын қызметтің сапасын жақсы білгендіктен өз елдері қойған шектеулерге қарамастан бізді таңдауды жалғастыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар