Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1582120
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Президент Режеп Тайып Ердоған екінші доза ковид вакцинасын салдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирус вакцинасының екінші дозасын салдырды. Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан «Екінші доза ковид-19 вакцинасын салдырдым. Бұйырса, қысқа уақытта барлық азаматтарымызға салуды мақсат етіп отырмыз» деді.

Сабах газеті «Сыртқы істер министрлігінен АҚШ-қа қатаң наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігінен АҚШ-тың түрмедегі Осман Каваланың босатылу керектігі туралы мәлімдемесіне  наразылық келді. Министрлік «Ешбір мемлекет немесе ешкім түрік соттарына сот ісін жүргізу туралы бұйрық бере алмайды» деп мәлімдеді.

Хүррийет газеті «Фуат Октай: Кипрдегі шешім екі мемлекетпен болады» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы арасындағы 2021 Қаржылық протоколы алдын ала келіссөздері үшін Никосияға барған вице-президент Фуат Октай Кипр мәселесінде екі мемлекетті шешім тақырыбында табанды екендерін атап көрсетті.

Хабер түрік газеті «LNG сақтау және газдандыру жүзетін үшінші қондырғысы биыл пайдалануға беріледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез табиғи газдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды қадамдар басқандарын атап, «Біз екі дана жүзетін LNG (сұйытылған табиғи газ) сақтау және газдандыру қондырғысын іске қостық және қолданыстағы LNG терминалдарының қуатын екі есеге арттырдық. Сондай-ақ үшінші сақтау және газдандыру қондырғысын биыл пайдалануға береміз және табиғи газ инфрақұрылымымызға одан көп икемділік қамтамасыз етеміз» деді.

Йени Шафак газеті «Франция БАҚ студенттерге тегін тағам таратқан түрік азаматын жазады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Францияның Реймс қаласында «L'Istanbul» атты кәуап дүкенінің қожайыны Түркия азаматы Мавзер Ташделен жүздеген студентке белгілі күн мен уақытта ақысыз дөнер кәуап таратады. Денсаулық дағдарысынан зардап шеккен студенттерге жеңілдік болсын деп осындай қадам басқанын атап көрсеткен Ташделеннің бұл ұстанымы көптеген француздық бұқаралық ақпарат құралдарында орын кең алды.



Ұқсас жаңалықтар