Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1581548
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоғаннан Мичотакиске жауап» атты хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше партиясының мәжілістегі жиналысында Грекия премьер-министрі Кириакос Мичотакиске қатаң жауап берді.  Ердоған: «Бейбітшілік қалайтын болсаңыз, орнынды біл. Сен кейбіреулерге сенесің, сенген адамдарың сені тастап кетті.  Ешбірінен саған пайда келмейді. Біз өз мәселемізді өзіміз шешеміз.  Сондықтан өжет түріктерді жақсы танитын бол» деді.

Ватан газеті вице-президент Фуат Октайдың сөздеріне орын берген.  Жұмыс сапармен кеше Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барған вице-президент Фуат Октай «Біз Кипр тақырыбында шешім ізденісін қолдаймыз.  Әділетсіздіктің қарсы алдындамыз.  Түрік тарабы әділ, түбегейлі шешімді қалайды» деді.

Сабах газеті «Министр Варанктан ғарыш бағдарламасы: Алғашқы міндетіміз  - Аймен байланыс орнату» деген хабар жариялаған.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркияның ұлттық ғарыш бастамасы жөнінде мәлімдеме жасады.  «Бізді Ай міндеті шабыттандырады.  Алғашқы міндетіміз – Аймен байланыс орнату.  Екінші міндет Айға қону» деді ол.

Стар газеті «Ресейден Түркияға: Ынтымақтастыққа дайынбыз, ұсыныс күтеміз» деген хабарға орын берген.  Ресей Федералдық Ғарыш агенттігі Роскосмос хабарлама жасап, Түркия мен Ресей арасында ғарышта ынтымақтастық үшін жұмыс жүргізілгенін білдірді.  Хабарламада орыс тарапының Түркиядан тақырыпқа байланысты нақты ұсыныс күткені айтылды.

Хабер Түрік газеті «Turkish Cargo 2020 жылы әлемдегі ең маңызды бес карго компаниясы арасына енді» деген хабар жариялаған.  Түрік Әуе жолдарының атқару кеңесінің төрағасы Илкер Айжы Turkish Cargo-ның коронавирус эпидемиясы кезінде үлкен табысқа қол жеткізгенін білдірді. «Елу жолаушы ұшағын карго ұшағына айналдырдық. Осылайша карго әлеуетін көтердік. Әлемдегі ең маңызды бес карго тасымал компаниясы қатарына ендік» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар