Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1574975
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «F-16 ұшақтары үшін қозғалысқа өтті» деген хабар жариялаған.  Түрік Әуе күштерінің негізгі шабуылдаушылары F-16 ұшақтары үшін нығайту жұмыстары басталды.  Президенттік аппарат жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басшысы Исмаил Демир «Әрбір ұшаққа 1200-1500 дана құрылымдық бөлшекті жаңалау жұмыстары атқарылады. Осы ұшақтардың құрылымдық өмірін 8 мың сағаттан 12 мың сағатқа көтеруді мақсат етеміз» деді.

Стар газеті «АҚШ Құрлық күштерінің журналында Ататүрікке мақтау» деген хабар жариялаған.  Америка Құрама Штаттарының Құрлық күштерінің «Military Review» журналында Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің әскери лидерлігі мақтап айтылды. Майор Эрик Вендиттидің мақаласында Ататүріктің Чанаккале шайқасындағы лидерлігіне басты назар аударылды.  Оның соғыстың маңызды сәттерінде дұрыс шешім бергені айтылды.

Хүрриет газеті «Түркия туристерге сенім береді» деген хабарға орын берген.  Бүкіләлемдік туризм форумы институтының бас хатшысы Талеп Рифаи Түркияның коронавирус эпидемиясы кезінде туризмдегі сақтық шараларының өте тамаша екенін айтты. «Түркия отандық және шетелдік туристерге сенім береді.  Осы сенім жалғасқан жағдайда 2021 жыл 2020 жылдан да жақсы болады» деді  ол.

Хабер Түрік газеті автомобиль нарығына орын берген. 2020 жылының аяғында Түркия Еуропа елдері арасында автомобиль және автомобиль саудасы кезегінде алтыншы, Еуропа коммерциялық көлік саудасында төртінші ел болды. Еуропада 2020 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда Түркиядан басқа автомобиль саудасын арттырған ел жоқ.

Йени Шафак газеті экономика хабарына орын берген.  Түркия коронавирус жайлаған 2020 жылы кептірілген жеміс экспортын азайтпады.  Шірімейтін, көп уақыт төзімді, энергия беретін тағамдар категориясындағы кептірілген жүзім, өрік, інжір және орман жаңғағына адамдар көп сұраныс берді. Түркияны осы кептірілген жемістердің экспортында коронавирус та тоқтата алмады. Өткен жылы 477 мың тонна экспорт жасалды.

 



Ұқсас жаңалықтар