Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1556879
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған 2021 жылдың хикаясын жазады» деген хабар жариялаған.  Ұлыбританияның беделді газеттерінің бірі The Guardian президент Режеп Тайып Ердоғанды әлем көлемінде 2021 жылдың «хикаясын» айқындайтын он екі лидердің бірі деп таңдады. Ливия мен Кавказға арнайы орын берілген мақалада «Түркия Ливия, Балқан және Кавказға одан да көп араласады» деп айтылды.  

Ватан газеті «Террорлық ұйымға 2020 жылы тек 52 адам қосылды» деген хабар жариялаған.  Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу террорлық ұйым PKK-ға қосылудың ұйым лаңкестіктерін бастаған 1984 жылдан да аз болып, тек 52 адам қосылғанын хабарлады.

Сабах газеті неміс журналының түрік ғалымдарын мұқабасына алғанын хабарлаған.  Германияның ең маңызды баспасөз органдарының бірі Der Spigel журналы жаңа жылдың алғашқы санында коронавирусқа қарсы вакцина тапқан BioNTech компаниясының құрушысы Угур Шахин мен жұбайы Өзлем Түреджині мұқабада жариялады.  Әлемге әйгілі болған мұқабаға түрік Сыртқы істер министрлігі де үнсіз қалмады. Министрлік мұқабаны ағылшын тіліндегі есебінен жариялап, «Осы қиын кездерде түріктің екі ғалымының үлкен жауапкершілік алуын және бүкіл адам баласы үшін рол ойнауын мақтан тұтамыз» деп жазды.

Хүрриет газеті «Түрік авиакомпаниясы эпидемияға қарамастан жүк тасуда алда» деген хабар жариялаған.  Түрік Әуе жолдарының Атқару комитеті төрағасы Илкер Айжы коронавирус эпидемиясына қарамастан халықаралық карго тасымалдау нарығындағы үлесті арттырғандарын білдірді. «2020 жылдың басында карго ұшақтарымен 88 пунктке қызмет беретін едік,  қазір 96 нүктеге рейс жіберіп отырмыз» деді ол.

Йени Шафак газеті «Түркияның ең ірі әскери кемесі Аселсанның көмегімен көреді» деген хабарға орын берген.  Аселсан тарапынан Түрік кемесі «Анадолы» үшін жетілдірілген «Пири» ультрақызыл іздеу және бақылау жүйесінің тесттері аяқталды.  Әлемде қос бантта жұмыс істейтін алғашқы ультрақызыл іздеу және бақылау жүйесі болып саналатын PİRİ-KATS «Анадолы» кемесінің қауіп бақылау және анықтау үшін ең маңызды жүйелерінің бірін қалыптастырады.

 



Ұқсас жаңалықтар