Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1554552
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ковид-19 вакциналары Түркияға келді» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік Әуе жолдарының ұшағы қытайлық вакцина фирмасы SinoVac-тан сатып алған коронавирус вакциналарының бір бөлігін Түркия уақытымен сағат 05.44-те Анкара Есенбоға әуежайына әкелді. Фахреттин Кожа вакциналардың 14 күн бойынша сынақтан өткізілетінін сынақтардың артынан вакцина егу бағдарламасының басталатынын жариялады. Алғашқы сатыда 3 миллион доза вакцина әкелінді.

Йени Шафак газеті «Ресеймен Ковид-19 вакцинасын бірлесіп шығару туралы келісімге қол қойылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресеймен Ковид-19 вакцинасын бірлесіп шығару жөнінде келісім жасалғанын мәлімдеді. Чавушоғлу «Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы орыс вакцинасы туралы президент Ердоғанға ұсыныс жасады. Президент Ердоған Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма беріп, екі елдің министрліктері арасында келісімге қол қойылды. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты тек емдеу ғана емес, сонымен қатар бірлескен вакцина өндірісі. Яғни бұл вакцинаның Түркияда да өндірілуі» деді.

Ватан газеті «Акар: Ливиялық ағайындарға барлық қолдауымыз жалғасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның Ливияда саяси тұрақтылықты тезірек қамтамасыз ету үшін әртүрлі қолдауды беретінін атап көрсетті. Ливиядағы Ұлттық Үкіметтің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) тарапынан да «заңды үкімет» болып қабылданғанын еске салған Акар Түркияның Ливиядағы заңды үкіметтің шақыруымен барғанын және сол жердегі қызметтерінің халықаралық заңдарға толық сәйкес келетіндігін айтты. Акар «Ливиялық ағайындарға барлық қолдауымыз жалғасады» деді.

Стар газеті «Әзербайжаннан Түркия мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің 2020 жылын бағалау рапортында Түркия мен Әзербайжанның мызғымас бірлігіне назар аударылды. Баспасөз мәслихатында Таулы Қарабахты оккупациялаған Арменияға қарсы жүргізілген операцияларда Түркияның қосқан үлесіне ерекше баға берілді. Жиналыста Түркия-Әзербайжан бауырластығы және бірлігінің беріктігіне тағы бір рет ашық түрде назар аударылды.

Хабер түрік газеті «Түркия-Ұлыбритания арасында еркін сауда келісімі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Ұлыбритания арасында Еркін сауда келісіміне қол қойылды. 1 қаңтар күнінен бастап іске қосылатын келісім барлық өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы өнімдерін қамтиды. Ұлыбритания Түркияның ең үлкен 2-ші экспорт нарығы болып табылады. Келісіммен бірге Түркия және Ұлыбритания қарым-қатынастарын одан да жетілдірілуі жөнінде алғаш қадам басылды.



Ұқсас жаңалықтар