Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1553758
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Президент Ердоғаннан вакцинаға байланысты маңызды мәлімдеме» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік кабинет жиналысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізді. Ол Қытайдан сұраныс берілген вакциналардың алғашқы бөлімінің жаңа жылдан бұрын тапсырылатынын айтты.  Ердоған: «Құдай қаласа,  қысқа уақытта өзіміз өндірген бірден көп вакцинаны ұлтымыздың қолданысына береміз.  Германиядан келетін вакциналар қаңтар айында жетеді деп үміттенеміз» деді.

Ватан газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның халықаралық платформаларда ең аз дамыған елдерге қолдау бергенін айтып, «Түркия ең аз дамыған елдердің қамқоршысы болуды жалғастырады. БҰҰ-на қолдау көрсету үшін ұйымдастырылған «Достар тобының» тең төрағалығын атқарады, дамымаған елдерге технология трансферін жасау мақсатымен құрылған БҰҰ Технология банкіне Гебзеде орын бердік» деді.

Стар газеті «БҰҰ босқындарға ең көп құшақ ашқан бес елді жариялады» деген хабарға орын берген.  Біріккен Ұлттар Ұйымы Миграция Жоғары комиссариаты әлемде босқындарға ең көп құшақ ашқан бес елді жариялады.  Тізімнің басында Түркия келеді.  Артынан Колумбия, Пәкістан, Уганда және Германия орын алады.

Йени Шафак газеті «Әлемнің ең абыройлы тізімінде орын алған түрік компанияларының саны жетіге жетті» деген хабар жариялаған.  Түрік компанияларының отандық мүмкіндіктермен қорғаныс өнеркәсібіндегі өндірістері сыртқа тәуелділікті азайтты. Экспорт қақпасын ашты, Түркияның осы саладағы жетістіктері әлемнің ең беделді қорғаныс өнеркәсібі тізімі деп қабылданған "Defense News Top 100" де көрінеді. Тізімдегі түрік компания саны жетіге жетті. Аселсан алғашқы елудің ішінде. Тізімге биыл Хавелсан мен FNSS те қосылды.

Сабах газеті «Рождество аптасында Түрік авиакомпаниясы Еуропада ең көп рейс игерген компания болды» деген тақырыппен хабар жариялаған. EuroControl  тарапынан жарияланған есепте Рождество аптасында Түрік Әуе жолдарының Еуропада ең көп рейс игерген авиакомпания екені білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар