Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1551765
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркияның артып отырған күш пен қабілеттері» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның коронавирус эпидемиясы кезеңнде ықпалды саясат жүргізгенін білдірді. Ол: «Сирия, Ливия, Жерорта теңізі шығысы, Кипр мен Таулы Қарабах секілді өте маңызды тақырыптарда пандемияға қарамастан инициативаны қолымыздан жіберіп алмадық» деді. Министр Түркияның әлем көлемінде ең ауқымды бесінші дипломатиялық желіге ие екенін және гуманитарлық даму көмектерінде де көшбасшы ел екенін айтты.

Стар газеті «Анкарадан Бағдатқа хабарлама» атты тақырып қолданған.  Түркия бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ның Ирактың Синджар аймағынан шығарылуы процесін жақыннан бақылап отыр.  Ирак премьер-министрі Мұстафа әл Казымидің Анкара сапарына баға берген отставкадағы генерал Фахри Еренел «Менің ойымша,  өте маңызды сапар болатын. Анкара «Қажет нәрсені атқарыңдар, әйтпесе біз жасаймыз» деді» деген сөздер қолданды.

Хабер Түрік газеті  «Вакцина жексенбі күні жолға шығады» деген хабар жариялаған.  Коронавирус Ғылыми кеңесі вакцина және мутация күн тәртібімен кеше Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа басшылығында бас қосты.  «Қытай вакцинасының түрік азаматтарға ықпалды болғанына сенімдіміз. Қытай вакцинасы түріктерде 91,25 пайыз ықпалды болды» деген министр Қытайдан келетін вакциналардың жексенбі күні түнде жолға шығатынын білдірді.

Хүрриет газеті «BionTech вакцинасының келісімінің егжей-тегжейлері белгілі болды» деген тақырып қолданған. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа түрік ғалымдар Угур Шахин мен Өзлем Түреджи басқарған BionTech компаниясы мен Американың фармацептикалық компаниясы Pfizer өндірген вакцинаның Түркияға келетінін хабарлады. Министр Кожа наурыз айының аяғына дейін 4,5 миллион доза вакцинаның Түркияға келуі үшін келісімге қол қоятындарын білдірді.

Йени Шафак газеті «Миллиард долларлық алтын резерві» деген хабар жариялаған.  Биледжиктің Сөгүт ауданында 46 миллиард лиралық 3,5 миллион онс алтын резерві табылды.  Алтын шығарылуы үшін жұмыстар жылдамдады, кен орнында мың адам жұмысқа орналастырылады.

 



Ұқсас жаңалықтар