Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1403142
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Президент Ердоғаннан коронавирус мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған коронавируспен күресте эпидемияның тұрақтанғанын атап, Ораза айттың артынан Түркияда өмірдің қалпына енуін нысанаға алғандарын атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Челик: Ораза айттың соңында өмірдің қалпына енуі жайлы айтуға болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик коронавирус шаралары аясында Ораза айттың артынан өмірдің қалпына ене бастайтынын атап көрсетті. Челик «Шараларды толық орындауды жалғастыруымыз керек. Сонда ғана ораза айттың соңында өмірдің қалпына енуі жайлы айтуға болады» деді.

Стар газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібі фирмасына Ұлыбританиядан беделді сыйлық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің алдынғы қатарлы әскери құрлық жүйелері өндіруші фирмалардың бірі FNSS Қорғаныс жүйелері А.Қ.-на British Safety Council тарапынан биыл 62-ші рет ұйымдастырылған жұмыс қауіпсіздігі саласының алғашқы және ең беделді сыйлықтарының бірі болған Халықаралық Жұмыс қауіпсіздігі сыйлығы берілді.

Йени Шафак газеті «Түркияның алтын резервтері артты» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Түркияның алтын резерві наурыз айында артты. Халықаралық валюта қорының (IMF) мағлұматтарына қарағанда алдынғы ай 18,47 миллион унция болған резервтер наурыз айының соңында 19,33 миллион унцияға көбейді.

Сабах газеті «Ресейге мандарин экспорты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиядан жылдың алғашқы ширегінде Ресей Федерациясына экспортталған 81 мың 776 тонна мандариннен 49 миллион 834 мың 922 долларлық табыс түсті.



Ұқсас жаңалықтар