Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1401638
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған мен АҚШ президенті Трамп телефонда сөйлесті» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамптелефонда сөйлесті. Басшылар өзара мәселелерге қоса аймақтық тақырыптарды қолға алды. Басшылар сондай-ақ коронавирус эпидемиясының қоғам денсаулығы мен елдердің экономикасына төндірген қаупіне қарсы ынтымақтастықты жалғастыру тақырыбында келісті.

Ватан газеті «ҰҚМ-нен коронавирус дәрісі мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс миинистрлігі (ҰҚМ) коронавирус эпидемиясымен күрес аясында дәрі-дәрмек жетілдіру жобасы тақырыбында жұмыстанғанын жариялады. Министрлік жасаған мәлімдемеде «Шикізаттық үлгілерді зерттеу жұмыстарымыз басталды. Дәрі-дәрмек жетілдіру жобамыз "Түбитак"-қа жеткізілді» делінді.

Йени Шафак газеті «Испанияның белгіліәншісінен Түркияға алғыс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия қиын кезеңнен өтіп жатқан испан халқын жалғыз қалдырмады және бір жүк ұшағы медициналық көмек жолдады. Испанияның танымал әншісі Моника Молина «Түркия сияқты елдердің мұндай қиын бір кезеңде бізге көмектескенін білу өте жақсы. Бұл түрік халқының Испанияға қарсы жомарттығы мен сүйіспеншілігін көрсетеді» деді.

Стар газеті «Ұлыбритания: Түркиядан жаңа бір жүк ұшағы күтеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбритания коронавирус эпидемиясымен күрес аясында денсаулық сақтау қызметкерлеріне бір рет қолдануға тиісті сақтандыру киімдерін жуып қайта қолдануын насихаттап жатқанда, Тұрғын үй, қоғамдық және жергілікті әкімшіліктерге жауапты министр Роберт Дженрик Түркиядан жаңа бір жүк ұшағы күткендерін білдірді. Дженрик жүк ұшағында араларында 400 мың сақтандыру киімі де бар шамамен 84 тонналық ауқымды бір медициналық жабдық бар екенін атап көрсетті.

Сабах газеті «Келесі көктемді асыға күтеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Измирдің Газиемир ауданында коронавирус эпидемиясымен күрес себепті кейінге қалдырылған Халықаралық балалар фестиваліне қатыса алмаған қытайлық балалар жариялаған бейне көрініс хабарламамен 23 сәуір ұлттық егемендік және балалар фестивалін құттықтады. Шағын билерін таныстырған оқушылар «Келесі көктем табиғат гүлдеген кезде фестиваліңізге қатысып, тойлауды асыға күтеміз» деді. Бақытты балалар фестивалі, бақытты Түркия, бақытты Измир...» деп жолдамаларын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар