Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1219500
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Түркия аймақтық емес, жаһандық актер» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып ЕрдоғанАзияда аса маңызды бір күш теңдігі құрылғанын атап көрсетті. Ердоған ойынды құрушылар арасында орын алу үшін аймақтық емес, барлық әлемде ойын құрушы тұғырда болу керектігін білдірді. Түркияның да аймағы мен әлемде мықты бір актерге айналғанын атап көрсеткен Ердоған «Осыдан кері қадам басу мүмкін емес» деді.

Стар газеті «ЕрдоғанныңS-400 жүйесі мәлімдемесінің бүкіл әлемде жаңғырық туғызғанын атап көрсетті» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағандаАҚШ Ресей мен Түркия арасындағы «S-400» әуе қорғаныс жүйесі келісімін бұзуға бағытталған әрекеттерін арттырып жатқанда президент Режеп Тайып Ердоғанның «S-400» әуе қорғаныс жүйесі шілде айының алғашқы жартысында Түркияға табыс етіледі» деген мәлімдемесі әлем баспасөзінде кең орын алды. Орталығы Лондон болған Рейтер хабар агенттігі, «Times of Israel», «The Jerusalem Post» (Израиль), Орталығы Катардағы халықаралық трансляция мекемесі «Al Jazeera», Ресей мемлекеттік хабар агенттігі «TASS», «France24» (Франция), Иран Мемлекеттік телеарнасы «Press TV», Грекияның «Kathimerini» сияқты халықаралық көптеген медиа мекемесі Ердоғанның ұстанымын оқырмандарына жеткізді.

Сабах газеті «Ердоған: Францияның Шығыс Жерорта теңізінде сөз құқығы жоқ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия Шығыс Жерорта теңізінде жұмыстарын тоқтату керек» деген Франция президенті Эммануэль Макронға наразылық көрсетті. Францияның Шығыс Жерорта теңізінде сөз құқығы болмағанын атап көрсеткен Ердоған «Франция Шығыс Жерорта теңізіне жағалас па? Құрметті Макрон осы міндетте өте тәжірибесіз. Әлі үйрене алған жоқ. Меніңше үйренгенше көп уақыт керек» деді.

Хабер Түрік газеті «Министр Курумнан Үлкен жиырмалық тобына мүше елдерге Түркияға инвестиция шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қоршаған орта және қала министрі Мурат Курум Жапонияның Нагано қаласы Каруйзава ауданында болып өткен Үлкен жиырмалық тобы елдерінің Қоршаған орта және энергия министрлері жиналысында үн қатты. Министр Курум осында жасаған баяндамасында шетелдік инвесторларға инвестиция салу мүмкіншілігі ұсынған Түркияға инвестиция салуға шақырды.

Хүррийет газеті «Түркия қанатты құс етін экспорттау саласында алғашқы орындарда» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда тауық еті тұтынуы бүкіл әлемде жылдам артуда. Қанатты ет саласында әлемде барлығы 40 миллиард долларлық бір сауда көлемі бар. Түркияның осыдан алған үлесі биылдан бастап, 1 миллиард доллар. Түркия 2019 жылы қаңтар айынан қазірге дейін шамамен 266 миллион долларлық экспорт жүзеге асырды.



Ұқсас жаңалықтар